2.10.2018, 12:14
Қараулар: 444
Шекара тәртібіне тұрғындар да жауапты

Шекара тәртібіне тұрғындар да жауапты


 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Аудан әкімдігі жанындағы шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысында төрт мәселе қаралды. 

 

Алдымен шекаралық аймаққа жататын екі округ, яғни, Сайқын және Мұратсай ауылдық округтерінің әкімдері Мейрамбек Аққалиев пен Жалғас Ташуов шекаралық белдеудегі мемлекеттік шекара режимінің сақталуы жайын баяндады. Сонымен қатар олар үй жануарларының көршілес Ресей Федерациясы аумағына өтуін болдырмау үшін өз округтерінде мал бағымын ұйымдастыру бағытында жұмыстанып жатқандықтарын да қозғады. «Орда» шекара заставасының бастығы, капитан Дәуренбек Сабеков мемлекеттік шекарадан өткен малды карантиндік қамауда ұстауды ұсынды. Осы мәселе төңірегінде, нақтырақ айтсақ, аталмыш кеңестің 25 маусымдағы №2 хаттамалық шешімінің 4-тармағымен белгіленген тапсырманың орындалуы туралы аудандық аумақтық инспекцияның басшысы Ғаділбек Әлібеков хабарлама жасады. Бұл кеңестегі екінші мәселе болса, үшіншісі Сайқын ауылдық округі аумағында орналасқан «Молодость» жеңілдетілген шекара пунктін инфрақұрылымдармен жабдықтау барысын Мейрамбек Сағынғалиұлы мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі «Шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шегін белгілеу туралы» қаулысына сай, Сайқын, Мұратсай ауылдық округтері бойынша шекара аймағының картада нақтыланғанын аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Тілеужан Қабденов жеткізді. Дайындалған карта және шекаралық екі округтің паспорттарымен №2036 әскери бөлімі командирінің міндетін уақытша атқарушы, майор Қуанышбек Нүсіп пен кеңес мүшелері танысты. Кеңеске қатысушылардың сауалдарына мамандар толымды жауаптар қайтарды. Кеңес төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев шекара заңдарының орындалуына тұрғындар да жауапты екендігін қайыра еске салды.

     Раушан БАҚЫТОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар