27.09.2018, 15:45
Қараулар: 423
1 қазанда салықтардың төлеу мерзімі аяқталады

1 қазанда салықтардың төлеу мерзімі аяқталады

Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы  2017 жылғы жер мен мүлік салығын төлеу уақыты келгенін еске салуда. Төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады.

Жеке тұлғаларға жерге және мүлікке хабарлама хаттарын таратылу жұмыстары жүргізілуде , егер  хабарлама келмеген жағдайда азаматтар Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына келіп немесе 8(71140)21233, 8(71140)21232 телефондары арқылы  салықтарының соммасын білуге болады. Төлемді кез келген терминалдар арқылы және  «Казпошта» АҚ-ның барлық филиалдарында комиссиясыз төлеуге болады. Уақытылы төленбеген салық соммасы үшін күнделікті 1,5% өсімпұл есептелінеді.

Бөкей ордасы ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы