27.09.2018, 11:55
Қараулар: 518
Тіл фестивалі қорытыланды

Тіл фестивалі қорытыланды

Қазақстан халқы тілдері күніне арналған тіл айлығы аясындағы аудандық «Тіл – тұтастық туы» фестивалі өз мәресіне жетті.

Фестивальдің ашылуында аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтап, Елордамыздың 20 жылдығына орай мемлекеттік тіл саясаты мен мәртебесін арттыруға сүбелі үлестерін қосып жүрген аудандық «Орда жұлдызы» редакциясының жауапты хатшысы Каримолла Ғайсинге, жастар ресурстық орталығының басшысы Исатай Құрмашевқа, Бөкей ордасы колледжінің мұғалімі Ботагөз Мұсағалиеваға, Бисен ауылдық мәдениет үйінің директоры Екатерина Мөкешеваға және М.Мәметова мектебінің ұстазы Кәмшат Ізбасароваға алғысхат пен табиғат суреті бейнеленген картинаны табыс етті. Сондай-ақ, мерекеге орай ұйымдастырылған тіл айлығы аясында өткен  «Ана тілің арың бұл» тақырыбында шығарма жазудан Жәңгір хан атындағы орта мектептің оқушылары Нұржайна Ғарифуллина, Ғайса-Ғали Сейтақ  оқуларынан Ақнұр Мұхитова, «Бала тілі – бал» байқауынан Бисен ауылдық округіне қарасты Көктерек елді мекеніндегі З.Жиеналиев бастауыш мектебінің оқушысы Зәмзәм Ертай және шараны ұйымдастыруға өз үлестерін қосқаны үшін кітапхана қызметкерлері Айнагүл Батырханова мен Айнагүл Төлеуоваға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Айтқалиев диплом мен ескерткіш сыйлықтар берді.

Шара барысында LED экраннан видеороликтер көрсетіліп, «Орда гүлдері» ансамблі мың бұрала би билеп, мәдениет үйінің өнерпаздары ән шырқады.

Айша ҚҰРМАШ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар