21.09.2018, 11:35
Қараулар: 411
Бас жүлде жерлесімізде

Бас жүлде жерлесімізде

«Орал өңірі» газетінің тілшісі Гүлсезім Бияшеваның мәлімдеуінше, Орал қаласында күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналып Жастар мәдениет үйінде домбырашылардың республикалық байқауы өтті. Оған жерлесіміз, бүгінде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының 4-курс студенті Жасқайрат Мұқашев қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Айта кетелік, дүбірлі додада елімізге танымал Айгүл Үлкенбаева, Ермек Қазиев секілді күйшілер қазылық етті.

Айша ҚҰРМАШ