20.09.2018, 11:54
Қараулар: 466
Тұрғындардың игі ісі

Тұрғындардың игі ісі

Шілде айында Хан ордасы ауылдық округіне қарасты Үштерек елді мекенінің тұрғындары Асылбек Зайноллин мен Алтынай Құрмашеваның үйі толықтай өртеніп кеткен болатын. Көп балалы отбасының жағдайы жергілікті басшылар мен аудан тұрғындарын бей-жай қалдырмады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қайырымды, қолық ашық жандар осы күнге дейін қаржылай немесе материалдық көмек көрсетіп, қолдау білдірді. Сондай-ақ, жаңа оқу жылының қарсаңында орын алғандықтан зардап шеккен отбасының мектеп жасындағы ұл-қыздарын мектеп киімдерімен де қамтамасыз етті. Бүгінігі күні бұл отбасыға Орда ауылдық округі тұрғындары өз ауылынан тұрғын үй алып берді. Үйдің іші қажетті тұрмыстық жабдықтарымен қамтамасыз етіліп, құжаттары да рәсімделді.

Жанар ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,

ішкі саясат бөлімінің қызметкері