19.09.2018, 18:03
Қараулар: 593
Ғайса-Ғали оқулары

Ғайса-Ғали оқулары

Қай ақын да кіндік қаны тамған жерін қастерлейтіні белгілі. Солардың арасында туған жерді, киелі Нарын құмы мен тал-терегінің әр талын өлеңінің арқауына айналдырған жерлес ақын Ғайса-Ғали Сейтақтың орны ерекше. Патриот ақын Ғ.Сейтақтың 60 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінде көркем сөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өтті.

14 пен 25 жас аралығындағы жастар бақ сынаған бұл байқауда ақынның «Егер Бөкей көшпесе…», «Нарынның нар ұлдары», «Нарын», «Орданың бір тал жусаны», т.б. сынды туындылары бірнеше рет жатқа айтылды. Сонымен қатар байқау ережесіне сай қатысушылар мемлекеттік тіл тақырыбында өз шығармаларын да орындады. Өз елінде өгейсініп жүрген қазақ тілін қадірлеуді өзінен бастауға шақырған ордалық Ақнұр Мұқитова осы байқаудың бас жүлдесін иеленді. Ғайса-Ғали Самиғоллаұлының өлеңдерін мүдірмей оқып берген сайқындық Бөкей ордасы колледжі студенті Айкөркем Мақашева І орын алса, жүлделі ІІ, ІІІ орындарды мұратсайлық Гүлнұр Айбекқызы мен бисендік Ақылбек Дудин иеленді.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар