14.09.2018, 18:30
Қараулар: 638
Мешітте жаңа имам

Мешітте жаңа имам

Қасиетті жұма күні Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» мешітінің бас имамы Мейрамбек Әбдірахманов Сайқын аулындағы Орда аудандық мұсылмандар мешітіне жиналған қауымға жаңадан тағайындалған имаммен таныстырды. Облыс имамы Еркебұлан Қарақұловтың тапсырмасымен келген Мейрамбек Ақылбекұлы алдымен осы қызметте алты жылдай абыройлы қызмет етіп, асыл дінімізді ардақ тұтқан Назымбек Иманғалиевті жаңа қызметімен құттықтап, иығына шапан жапты. Ал, аталмыш мешіттің бас имамы қызметіне Қуандық Насыровты тағайындады.

Орал қалалық медресесінің 2012 жылғы түлегі. 2013-2014 жылдары Орал қаласы «Тәжиден Батырұлы», 2014-2018 жылдары Жәнібек аудандық мұсылмандар мешітінде найб иман қызметтерін атқарған.

Айта кетелік, Назымбек Иманғалиев Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» мешітіне найб имам болып кіріспек.

Айша ҚҰРМАШ

құттықтаймыз

Басқа да мақалалар