13.09.2018, 16:35
Қараулар: 52
Мектеп – кеме, білім – теңіз

Мектеп – кеме, білім – теңіз

Ұлымыз Кенесары Сатқанғали биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, Жәңгір хан атындағы орта мектептің 1-сыныптың есігін ашты. Алғашқы қоңырау салтанаты ойдағыдай өтіп, мектеп формасын киіп, білім теңізіне жаңа қадам басқан балдырғандарға мектеп басшылығы Елбасы Н. Назарбаевтың сыйлығын табыстады. Сыйлық болғанда қандай! Ол – «Менің Отаным – Қазақстан» атты көлемді кітап.

Қорапқа салынған кітаптың пішіні киіз үйді бейнелейді. Бетінде шаңырақтың суреті бар. Бұл бетті ашқанда осы кітап жобасының авторы Элеонора Баталова екенін көреміз. Келесі бетте, Елбасының суреті және оның шәкірттерге арнаған білімнің пайдасы жөніндегі ұлағатты сөздері көрініс тапқан. Оқушы өзі білім алатын тілінде еліміздің мемлекеттік рәміздері, Отанымыздың тарихы, атақты тұлғалары, көпұлтты халқы, салт-дәстүрі, фауна-флорасымен, Елордамыз – Астана, Алматы сынды шаһарлар және облыстарымен жіті танысады. Әр беті бір тақырыпқа арналып жазылған. Батыс Қазақстан облысы туралы деректің ішінде Кіші Отанымызға көбірек орын берілгендігіне марқайып қалдық. Нақтырақ айтсақ, Ордада 1841 жылы тұңғыш мектеп ашылғандығы, ауданымыздан шыққан атақты тұлғалары туралы мәлімет беріліпті.

Назымгүл ОРАЗГЕЛЬДИЕВА,

Хан ордасы ауылы,

Бөкей ордасы ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар