22.08.2018, 19:15
Қараулар: 432
Құрбан шалынды

Құрбан шалынды

Жаратушы Иеміз мұсылмандар үшін белгілеп берген екі ұлық айттың (мейрамның) бірі – Құрбан айт. Айт ағайынның ауызбіршілігін арттырып, имандылыққа ұйытады. Ол күні адамдар құрбан шалумен ғана емес, сауапты, ізгі,қайырымды істерімен Жаратушының  ризашылығына, рақымына жақындай түседі. «Құрбан» сөзі араб тіліндегі ұғымын да «жақындау», «жақын болу» дегенді білдіреді екен.

Құрбан айт күні ерте тұрып, ғұсыл құйынан, айт намазына қатысу – Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) сүннеті. Биыл да сайқындықтардың біразы солай істеді. Аудан орталығындағы мешітке үлкені бар, кішісі бар, ері бар, әйелі бар көп кісі жиналды. Бас имам Назымбек Иманғалиев жиналған қауымға Аллаһ Тағаланың әмірлерін қалтқысыз орындау пендені Жаратушының ризашылығына бөлеп, ақыретте, сый-сияпатқа кенелетінін қайыра еске  салып, ниеттерің қабыл болсын айтса, аудан әкімінің орынбасары  Лариса Қайырғалиева да адамгершіліккеи үндейтін ислам дінінің қадір-қасиетіне тоқтала келіп,көпшілікке ізгі тілегін жеткізді. Осыдан кейін айт намазы оқылып, құрбан шалу басталды. Құрбан айттың үш күнінде мешітте Алла разылығы үшін қой шалынып, олардың еті аз қамтылған отбасыларына үлестірілді.

Дәулет ӘЛИЕВ.