22.08.2018, 19:02
Қараулар: 49
Ескерткіш тақта орнатылды

Ескерткіш тақта орнатылды

Қасиетті Құрбан айт мерекесімен тұспа-тұс келген ауданның құрметті азаматы Марат Менеевтің 70 жасқа толуына орай бұрын өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

Марат Абдолғазизұлы жоғары оқу орнын тәмамдаған соң 1968-1970 жылдары Алматы облысында мемлекеттік дән инспекторы, 1972-1981 жылдары аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы қызметтерін атқарған. 1981-1985 жылдары ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, 1985-1987 жылдары М.Мәметова атындағы кеңшар директоры, кейін ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, «Орда» кеңшарының директоры қызметтерңнде жұмыс жасап, аудан әкімінің бірінші орынбасары болды. Ашылу салтанатында алғаш болып сөз алған М.Менеевтің зайыбы Гүлмаржан Менеева ұйымдастырушылар мен аудан басшыларына ризашылығын білдірсе,  әріптестері Елдос Кенжеғалиев пен Меңдіқұл Топпасов ағамыздың өмір жолынан сыр шертіп, бірге жүрген күндерін еске алды. Марат Абдолғазизұлына арналған ескерткіш тақтаны зайыбы Гүлмаржан апа мен әріптесі Елдос аға ашып, жиналғандарға қош келдіңіз айтып, құран бағыштады.

Айша ҚҰРМАШ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар