21.08.2018, 13:32
Қараулар: 517
Мерейтой иесін құттықтады

Мерейтой иесін құттықтады

Өткен жұма күні «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Иманбай Машотов және Сайқын ауылының әкімі Мейрамбек Аққалиев «Еңбек даңқы» ордані мен «Еңбек ардагері» медалінің иегері, ауданның құрметті азаматы Сағынәлі Ықсановтың шағыраңына барып, мерейлі 80 жасқа толуымен құттықтады.

Онда алғаш болып сөз алған Иманбай Машотов: «Ел алдындағы сіңірген еңбегіңіз әлі күнге біздің жадымызда. Өсіп келе жатқан жас ұрпақ Сізден үлгі-өнеге алып, биіктерден көрінсін. Деніңізге саулық, қажымас қайрат, ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын»,-деп ізгі тілегін жеткізіп, құттықтау хатын табыс етті. Тілеген Керейұлы мен Мейрамбек Аққалиев те өздерінің ыстық лебіздерін білдіріп, табиғат суреті бейнеленген картинаны сыйға тартты. Туған күн иесі Сағынәлі ата мен жолдасы Мәстура әже құттықтай келгендерге үлкен ризашылығын білдіріп, ақсақалдың өмір жолы, өткен белестері мен жетістіктерінен сыр шертті. Сол үйдің шаңырағын ұстап отырған кенже ұлы … мен келіні …  ақ дастарханын жайып, құрмет көрсетіп, рақмет айтты.

Айша ҚҰРМАШ.