14.08.2018, 17:08
Қараулар: 448
Тағайындау

Тағайындау

Аудандық конкурстық комиссияның шешіміне және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес, аудан әкімінің міндетін атқарушы Р.Зұлқашевтің 7 тамыз күнгі №61-ө өкімімен Нүркенов Олжас Меңжанұлы аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

О.М.Нүркенов – 1990 жылы туған. Білімі – жоғары. 2012 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «агроинженерия» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2013 жылдың 2 қыркүйегінен бастап осы кезге дейін Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратында ұйымдастыру-бақылау және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар