14.08.2018, 16:53
Қараулар: 333
Жастар тілшілермен кездесті

Жастар тілшілермен кездесті

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы және жастармен жұмыс жөніндегі аудандық ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен журналистика саласының қыр-сырымен танысу, қоғамдағы өзекті тақырыптарды ортаға салу мақсатында жастар өкілдері аудандық «Орда жұлдызы» газетінің тілшілерімен кездесті.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков, Сайқын ауылдық округі әкімі Мейрамбек Аққалиев пен  жастар қатысты.  Басқосу барысында ардагер журналист, тарихшы Амантай Хамзин өлке тарихы туралы сыр шертіп, журналистиканың бүгінгі жай-күйіне тоқталып өтті. Сондай-ақ, газет тілшілері Раушан Бақытова мен Арайлым Есмағұловалар да бұл салаға қалай келгендері жөнінде әңгімелеп, қоғамдағы өзекті мәселелер турасындағы ойларын ортаға салды.

Ернар Шакенов.