14.08.2018, 16:38
Қараулар: 618
Сарыбаев ұрпақтары – Хан ордасында

Сарыбаев ұрпақтары – Хан ордасында

Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұловтың бастауымен Бөкей ордасының тумасы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, лингвист ғалым, аудармашы, ақын, журналист, жазушы, әдебиеттанушы, сыншы Шамғали Сарыбаевтың ұлы – Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Сарыбай, қызы – филология ғылымдарының кандидаты Майра Сарыбай және жиені Құралай Ахмедиева (Ғабит Сарыбаевтың қарындасы Нәбияның қызы) өткен аптада Хан ордасына ат басын тіреді. Негізгі мақсаттары – ата-бабаларының туған топырағына тағзым етіп, қасиетті тарихи мекенмен танысу.

Атақты әулеттің ұрпақтарын аудан әкімінің міндетін атқарушы Р.Зұлқашев пен әкім орынбасары  Л.Қайырғалиева қарсы алды.  Қонақтар алғашқы күні Бөкей ордасы тарихи-музей кешенін араласа, ертесіне хан Жәңгірдің, ғалым-этнограф М-С.Бабажановтың, күйші  Дәулеткерейдің кесенелерінің басына барып, зиярат етті.

Сарыбаевтар әулетінен халқымыздың саяси, мәдени, ғылыми өміріне елеулі үлес қосқан дара тұлғалар өсіп шықты. Атап айтсақ, азамат соғысына қатысқан, қоғам қайраткері, ұстаз Ғабит Қайроллаұлы Сарыбаев (1893-1966), ғалым Шамғали Харесұлы Сарыбаев (1893-1958), филология ғылымдарының докторы, профессор Шора Шамғалиұлы Сарыбаев (1925-2018), музыкатанушы, өнертану ғылымдарының докторы  Болат Шамғалиұлы Сарыбаевтың (1927-1984) әрқайсысы өз алдына бөлек әңгімеге арқау болатын, Нарынның елге еңбегі сіңген нар ұлдары.

Гүлмира ЕЛЕМЕСОВА,

Бөкей ордасы тарихи-музей кешені қызметкері.