7.08.2018, 10:25
Қараулар: 308
Қырағылықты кемітпеу – міндет

Қырағылықты кемітпеу – міндет

 

Аудан әкімі Н.Рахымжановтың төрағалығымен өткен әкімдік жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысына оның мүшелерімен қатар ҚР ҰҚК БҚО бойынша Жәнібек бөлімшесінің қызметкерлері Б.Иденов, А.Қапесов және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алдымен, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Орынбек Жапашев, кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы директоры Бибігүл Жұмағұлова, аудандық білім беру бөлімі басшысы Ержан Иманбаев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Әлібек Айтқалиев өз салаларында терроризмге қарсы атқарылған істер мен алдын алу шараларының орындалу барысы туралы баяндады. Одан кейін осынау кеселдің бір бөлігі саналатын діни экстремизм, жалпы, аудандағы діни ахуал хақында аудандық ішкі істер бөлімінің бас маманы Аслан Бижановтың хабарламасы тыңдалды. Баяндамашылар жиынға қатысушылардың  сауалдарына жауап беріп, ескертпелерін қаперге алатынын жеткізді.

Отырысты қорытындылаған Нұрлан Сағынтайұлы орын алған олқылықтарды жоюды тиісті сала басшыларына тапсырып, қай істі де уақтылы және аса жауапкершілікпен қарау қажеттігін баса айтты.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар