27.07.2018, 9:28
Қараулар: 24
«Bastau Бизнес» жобасы аясындағы кездесу

«Bastau Бизнес» жобасы аясындағы кездесу

Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы директоры Бибігүл Жұмағұлова мен аудандық жұмыспен қамту орталығы басшысы Берқайыр Қарағойшин Хан ордасы ауылында «Bastau Бизнес» жобасы аясындағы бір айлық курсқа қатысушы ордалықтармен кездесті.

Аталмыш жиында Бибігүл Мұқасқызы «Атамекен» Ұлттық палатасының бастамасымен тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, жаңа бизнес көздерін ашып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Bastau Бизнес» жобасын үздік бітіргендер төмен пайызды несиеге және мемлекеттік грантқа қол жеткізу мүмкіндігі мол екендігін баса айтты. Кездесу барысында ауыл тұрғындары Талшын Кекенова жүн түту цехын, Жайнарбек Салауатов «Автосервис» бекетін ашуды көздеп отырғандарын жеткізсе, көпшілігі мал шаруашылығын қолға алмақ ниетте екендіктерін аңғартты.

Екі жақ үшін де тиімді болған бұл басқосуға қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толымды жауап алды. Өз ой-пікірлерін ортаға салушылар да болды.

Айша ҚҰРМАШ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар