3.07.2018, 9:21
Қараулар: 180
Аудан әкімдігінде

Аудан әкімдігінде

Ауданымызға іссапармен келген Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының (ҚМДБ) облысымыздағы өкіл имамы, Орал медресесінің директоры, дін ғылымының магистрі Еркебұлан Қарақұловты аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов қабылдады.

Қазақы салтпен меймандарға қош келдіңіздер айтқан Нұрлан Сағынтайұлы Нарын өңірінің тарихымен, халықтарының қазіргі тұрмыс-тіршілігімен, саяси-діни ахуалының тұрақтылығымен таныстырса, Еркебұлан Ыбырайымұлы жоғары діни білімді Мысырдан алғанын, Атырау қаласында қызмет жасаған кезінде Оралда да әлденеше рет болғанын, батысқазақстандықтар қатарына қосылғалы төрт ай ішінде ауданға келудің сәті енді түскенін айта келіп, аудан басшылығына ата дінге бет бұрған тұрғындарға көрсетіп жатқан қамқорлықтары үшін ризашылығын жеткізді.

Қабылдауға өкіл имамның серіктері Бөрлі аудандық мешіті имамы Қанат Жакенов, ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымының магистрі Нұрлан Саматұлы, ауданымыздың имамы Назымбек Иманғалиев және ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Әжіғалиев қатысты.

Карим БӨРШЕКОВ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.