26.06.2018, 12:38
Қараулар: 343
Жас түлек – 2018

Жас түлек – 2018

Ауданымыздағы тоғыз орта мектепті биыл тәмамдаған 158 шәкірттің  106-сы, яғни, 67%-ы ұлттық бірыңғай тестіге барды. Айта кету керек, Ш.Жексенбаев, Б.Жәнекешев, М-С.Бабажанов атындағы орта мектепті бітірушілердің қатысу көрсеткіші 85%-дан жоғары болды. Қатысқандардың 86%-ы тестіні қазақ тілінде, ал, 14%-ы орыс тілінде тапсырды.

Сонымен, түлектеріміздің биылғы білім көрсеткіші 78,34 балды құрап, облыс аудандары арасында бел ортадан көрінді. «Алтын белгі», «Үздік аттестат»  иегерлері атақтарын абыроймен қорғап, ұстаздарының, ата-аналарының мерейін тасытты. 24  түлегіміз 100 және одан да көп ұпай жинады.

Мектептер бойынша сараласақ, Т.Масин атындағы орта мектеп 114 ұпаймен көш бастап тұр. Ал, сегіз шәкірті 100 және одан да көп балл жинаған Б.Жәнекешев атындағы білім ошағының орташа ұпай саны – 91,33. Ш.Жексенбаев (87,9), Қ.Сағырбаев (87,36) атындағы алтын ұялардың көрсеткіштері де ауданның орташа балынан жоғары. Тек  А.Құсайынов (61) пен М.Мәметова (56) атындағы орта мектеп бітірушілерінің нәтижелері көңіл көншітпеді.

Зинур МҰХТАР,

аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар