26.06.2018, 12:28
Қараулар: 419
Бисенде – жаңа имам

Бисенде – жаңа имам

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Әжіғалиев пен  бас имам Назымбек Иманғалиев Бисен ауылдық округінің жұртшылығына осы ауылға жаңадан  тағайындалған имам Қаныбек Құсайыновты  таныстырды.

Ол  Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылында дүниеге келген. Орта мектептен кейін облыстық агротехникалық колледжді механик мамандығы бойынша аяқтаса, 2015 жылы «Орал» медресесіне түсіп,  «Исламтану» мамандығын меңгерген.  Келешегін асыл дінімізбен байланыстырған жас жігіт Қазақстан Мұсылмандары Діни бірлестігінің ұйғарымымен енді Бисен ауылына имам болып тағайындалып отыр.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар