26.06.2018, 12:21
Қараулар: 267
Мерей өсірген марапат

Мерей өсірген марапат

23 маусым күні аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілер мен Қазақстан полициясы күні мерекелері салтанатты түрде аталып өтілді.

Мемлекеттік Гимн орындалғаннан кейін сахнаға көтерілген аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев қосарланып жеткен мерекелердің маңызына тоқталып, той иелеріне ақжарма тілегін жеткізді. Елбасы саясатын қалың бұқараға насихаттап, тапсырмаларының орындалуы және қоғамдық тәртіптің сақталуы жолында қажырлылық, іскерлік танытып жүрген мемқызметшілер мен тәртіп сақшыларын марапаттады. Аудан әкімі аппаратының құжаттармен қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық бөлімі басшысы Бекбол Жұмабекұлы облыс әкімі Алтай Көлгіновтің алғысхатына ие болса, Сайқын ауылдық округі әкімі Мейрамбек Аққалиев, Орда ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Бауыржан Жұмағалиев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Бисенбек Насимоллин мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі облыстық департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақовтың алғысхатын алды. Мұратсай және Т.Масин ауылдық округі әкімдігінің бас мамандары Мұхамеден Қуаншалиев пен Ниязбек Мұшақаев облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды. Бір топ мемқызметкер мен полицейлерге аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың алғысхаты берілді.

Өз кезегінде аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Орынбек Жапашев жиналған төл мереке иелерін құттықтап, облыстық ішкі істер департаменті бастығы, полиция генерал-майоры Махсудхан Аблязимовтың Құрмет грамотасын учаскелік инспектордың көмекшісі, полиция лейтенанты Алтынбек Нәзиев пен жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор, полиция лейтенанты Мәулен Асқаровқа табыстады.

Осы салтанатта мерекеге орай оздырылған спорттық жарыстардың жеңімпаздары да ұлықталып, шара соңы аудан көркемөнерпаздарының концертіне ұласты.

Айша ҚҰРМАШ.

Суретті түсірген автор.

құттықтаймыз

Басқа да мақалалар